Жапонияның Токио қаласындағы Одайба ауданында қазақ қауымдастығы Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды Belles.kz сайты.

Подпись

Мерекелік жиынға әлемнің әр түкпірінен келген қазақтар жиналды. Атап айтқанда, Қытай, Моңғолия және Қазақстаннан барған қандастар бас қосты. Шара барысында киіз үй тігіліп, көк ту ілініп, ұлттық әндер шырқалып, қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылды.

Подпись

«Бұл – шетелде жүрсе де, ұлттық дәстүрді ұмытпай, бірлікті нығайтатын маңызды мереке», – деді қазақ қауымдастығының төрағасы Әбдібек Халибек.

Подпись